Өз үйінде ойынхана ашқан Жаңаөзен тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Криминалдық полиция қызметкерлері айғақ заттарды тәркіледі

фото: Polisia.kz

Жаңаөзен тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысы ПД криминалдық полициясы Жаңаөзен қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз ойынхананы анықтады. Үй-жайды тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық аппарат және ақша тәркіленді», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін іс-қағаздар Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.