Қарақалпақстанда қазақстандықтарға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар +9989 61 2248206, +9989 93 858644 нөміріне хабарласа алады

фото: kt.kz

Қарақалпақстанда қазақстандықтарға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қарақалпақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз», - делінген Өзбекстан СІМ telegram-каналында.

Көмек керек болған жағдайда қазақстандықтар  +9989 61 2248206, +9989 93 858644 нөмірі бойынша кез келген уақытта хабарласа алады.