Үкіметте Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға байланысты шұғыл кеңес өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Приморский аудандық сотының шешімімен Каспий құбыр консорциумында 1 айға жұмыс тоқтатылды

фото: primeminister.kz

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.