Қазір елордалықтардың қатары 1 миллион 200 мыңнан асады
1998 жылы қала тұрғындарының саны 326 мың болса, қазір бұл көрсеткіш 1 миллион 262 мыңға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 24 жылда бас қала тұрғындарының саны төрт есеге артқан.
Нұр-Сұлтандағы әйелдер саны әдеттегідей басым. 1998 жылы қалада 174 мың әйел адам мен 152 мың ер адам тұрса, қазір бұл сандар сәйкесінше 657 мың (52%) және 605 мың (48%).
«24 жыл бұрын елордада 3400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған. Осылайша, бала туу коэффициенті мың адамға шаққанда 11-ден 25,9-ға дейін өсті», - делінген хабарламада.