Алакөлде бір кәсіпкердің өзі 150 млн теңге шығынға батқан

Автор: Azattyq Rýhy

Курорттық аймақта бір емес 17 демалыс орны өртеніп кеткен

фото: inbusiness.kz

Алакөлдегі өрт талай адамды тақырға отырғызып кетті, деп хабарлайды Atameken Business. 

Алапат өрттен кейін енді есін жиған жағажайдағы кәсіпкерлердің алды шығын көлемін айта бастады. Тапсырыс алып қойған демалыс орнының иелері туристерінің ақшасын қайтарып беруге мәжбүрміз, дейді. Ал ол болса, жаздың бірнеше айында ғана жұмыс істейтін азаматтарға ауыр соққы. Өрттен демалушылар да қатты қорқып қалған.

Отқа оранған Алакөлде демалу қымбаттап кетуі мүмкін. Бұл туралы экономист Нұржан Әбдіразақ айтты. Өйткені курорттық аймақта бір емес 17 демалыс орны өртеніп кеткен.

"Салдарынан кәсіпкерлер арасында бәсекелестік төмендеп, туристердің таңдауы азаяды",-деді сарапшы.

Ал дөңгелетіп отырған кәсібі өртеніп кеткен бизнесмендер шығындарын қымбат бағамен өтеуге тырысуы мүмкін. Алайда келушілердің нөпіріне елеулі әсері болмайды деп болжады маман. Себебі шетелдерде де курорттық аймақта табиғи апаттан соң демалушылар саны азайса да тез қалпына келеді деді ол.

Тегтер: