Бұл бағдарлама бойынша пәтерді тек бастапқы нарықта сатып алуға болады
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасы бүгін Үкімет отырысында жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынды. Осы ретте Krisha.kz порталы жаңа шарттарға сәйкес әртүрлі баға санатындағы бірнеше баспана құнын есептеп шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мамандар бастапқы жарнаны, кредиттің жалпы мөлшерін, ең жоғары 20 жылға арналған ай сайынғы төлемдерді қоса есептеген. Ипотекалық несие аннуитеттік төлемге сай жылына 12% мөлшерлемемен тең үлестерілген.
Сондай-ақ, отбасының қажетті табысы көрсетілген.
Отбасының жалпы табысы айына 617 мың теңгеден кем емес.
Отбасының жалпы табысы айына 352 мың теңгеден кем емес.
Бұл бағдарлама бойынша пәтерді тек бастапқы нарықта сатып алуға болады. Құрылысы әлі бітпеген үйден баспана алу үшін құрылыс компаниясынан кепілдік беру қорының кепілдік құжатын алу керек.
Ипотеканы максималды мерзіммен төлеген жағдайда клиент баспана құнын банкке екі есе сомамен қайтарады.