Қазақстанда McDonald's мейрамханалары жабылды: компания өкілдері пікір білдірді

Автор: Мира Байбек

Қоғамда түрлі түсінбестік туындауына байланысты компания өкілдері ресми мәлімдеме жасады

Фото: mcdonalds.kz

McDonald's фастфуд желісінің өкілдері Қазақстандағы мейрамханалар жұмысының уақытша тоқтатылуының себебін атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы McDonald's мейрамханалары фискалдық деректер операторы (ФДО) тарапынан техникалық ақауларға байланысты уақытша жабылғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта барлық мейрамхананың жұмысын қалпына келтіру және ашылуы бойынша бірқатар шара қабылданды», - делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Компания Қазақстанның әр қаласында мейрамханаларды кезең-кезеңімен ашу қолға алынатынын мәлімдеді.

Айта кетсек, бүгін, яғни 5 шілдеде таңертең McDonald's-тан таңғы ас ішкісі келген қазақстандықтар компанияның барлық мейрамханасының жабылып қалғанын білген. Әлеуметтік желілерде қолданушылар McDonald's желісінің жабылып қалғанын талқылап, шағым айтқан. Кейбір делі қолданушылары бұған Украинадағы қақтығыстың әсері болуы мүмкін деп болдам айтып үлгерген. Түрлі түсінбестік туындағанына байланысты компания өкілдері осылайша ресми мәлімдеме жасады.