Степногорда балконнан секірмек болған 79 жастағы зейнеткер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері қартқа көмек көрсетті

фото: Polisia.kz

Степногорда тәртіп сақшылары суицид жасамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті тұрғын Полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, көршісінің балконнан секірмекші екенін айтқан.

Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары екінші қабатта орналасқан пәтердің балконының шетінде отырған 79 жастағы зейнеткерді көреді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол есікті ішінен жауып алып, балконнан секіргісі келген.

«Полиция қызметкерлерінің бірі сұрақ қойып, қарттың назарын өзіне аударған кезде әріптесі есікті сындырып, ішке кірген. Осылайша зейнеткерді құтқарып қалды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.