Бірнеше жерден сүйегі сынған азамат ауруханаға жеткізілді
Ақмола облысында тауға көтерілмекші болған 19 жастағы жігіт 20 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2003 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көпшілік арасында «Туфелька» деген атпен белгілі тауға шығып, 20 метр биіктіктен құлаған», – деп көрсетті Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін сағат 16:47-де болған.
Құтқарушылар бірнеше тұстан сүйегі сынған жігітті жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Қазіргі уақытта жас жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр.