Бетперде режимі сақталуы керек
Алматының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
4 шілдедегі «Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулыға сәйкес, 5 жасқа дейігі балаларды қоспағанда барлық азаматтарға қоғамдық орындада бетперде кию ұсынылады. КВИ-мен науқастанған адамдармен байланыста болған азаматтарды қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылған.
Қаулы 7 шілде сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.