Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды

Фото: svodka.akipress.org

Бішкектің Первомайск аудандық соты Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиковке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

24.kg порталының хабарлауынша, қырғыз ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері оны сәуір айында мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұстаған. Бұл ретте қылмыстық іске қатысты қандай да бір ақпарат құпия саналады. Ұсталған азаматтың қылмыс мерзімі және қай елде жұмыс істегені туралы мәлімет жоқ.

Сотталушы екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ екінші айыпталушының маусым айында тергеу изоляторында жүрек талмасынан қайтыс болған белгілі саясаттанушы Марат Қазақпаев екені хабарланды. Оған қатысты іс тоқтатылған.