04.07.2022, 15:41
Жаңалықтар
Төрт гарнизонда 825 млн теңгенің мүлкі мен қорғаныс құралдары ұрланған - Бас әскери прокуратура
Сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден
Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.
Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды