$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Нөкістегі қақтығыста қанша адам қаза тапқанын хабарлады

Қарақалпақстандағы қақтығыста 243 адам зардап шекті

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Нөкістегі қақтығыста қанша адам қаза тапқанын хабарлады
Фото ашық дереккөзден

Нөкісте болған қақтығыста 18 адам қаза тапты, деп мәлім етті Өзбекстанның Бас прокуратурасы. Бұл туралы Azattyq Rýhy UzDaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеме мәліметінше, Қарақалпақстандағы қақтығыста 243 адам зардап шеккен, оның 38-і – құқық қорғау саласының қызметкері. Жарақат алғандардың 149-ына алғашқы көмек көрсетіліп, үй жағдайында емделуіне рұқсат берілген. Қазіргі таңда ауруханада 94 науқас жатыр, олардың кейбірінің жағдайы нашар. Ауыр жарақат алғандардың қатарында құқық қорғау саласы қызметкерлері де бар. Атап айтсақ, Қарақалпақстан Ұлттық гвардиясының Куриклашск бөлімінің командирінің кеудесіне үш оқ тиген, сол бөлімнің тағы бір командирі оң жақ тізесін сындырса, Ұлттық гвардияның Джизакск бөлімінің әскери қызметкері ашық бас-ми жарақатын алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚАРАҚАЛПАҚСТАНДАҒЫ ТӘРТІПСІЗДІК: ДАУЛЫ БАПТАР, НАРАЗЫЛЫҚ ШЕРУІ, НӨКІС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Өзбекстан Ұлттық гвардиясының мәліметінше, 1-2 шілдедегі қақтығыс кезінде ұсталған 516 азамат полиция басқармасына берілген. Олардың іс-әрекеттеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, кейбіріне әкімшілік шара қолданылған.

Еске салсақ, Нөкіс қаласында ондаған мың адам референдумдағы Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығын айыру мәселесіне байланысты митингке шықты. Осы оқиғадан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нөкіске барып, конституция баптарына түзету енгізбеуді ұсынды.

Оқиғадан кейін қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу пункттері жұмыстарын тоқтатты. Сондай-ақ «Қарақалпақия-Бейнеу» теміржол маршрутын тоқтату жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Серіктес жаңалықтары