Төрт гарнизонда 825 млн теңгенің мүлкі мен қорғаныс құралдары ұрланған - Бас әскери прокуратура

Автор: Azattyq Rýhy

Сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.