Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда call-орталық ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сall-орталық көлікті есепке енгізу туралы барлық сұрақтарға жауап береді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы полициясы шетелдік көліктерді тіркеу туралы барлық сұрақтарға жауап беретін арнайы сall-орталық ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі мемлекет басшысының аса жіті бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын қалай тіркеу керектігін айтып берген болатын.

Полицияның хабарлауынша, сall-орталық күнде сағат 9:00-дан кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Call-орталық мамандары алматылықтардың барлық сұрақтарына тиісті әрі пайдалы жауап бермек.