Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Денсаулық сақтау министрлігі барлық шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шекарасында азаматтардың қозғалысы қатаң қадағаланады. Атап айтқанда, халықаралық әуежайлар мен теміржол, автомобиль және теңіз шекаралары жіті назарда болады.
Енді коронавирус анықталған елдерден ұшып келген ұшақтың жолаушылары күдікке ілінсе, әуе кемесі санитарлық тұраққа қойылып, сан-эпидемия станция қызметкерлері науқастардың жағдайын бағалайды.