Өзбекстан президенті Конституцияның дау тудырған баптарын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы толқыған халықты сабырға шақыру үшін Нүкіс қаласына барды

Фото: president.uz

Шавкат Мирзиёев Нүкіс қаласына арнайы барып, Жоғарғы Кеңес депутаттарымен, ақсақалдармен және Қарақалпақстанның белсенді азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі әлі де талқыланып жатқанын, сонымен қатар Қарақалпақстан азаматтарының ой- пікірін ескере отырып ел президенті Өзбекстан Республикасы Конституциясының  70, 71, 72, 74, 75 баптарын өзгеріссіз қалдыру қажеттігін білдірді.

1 шілде күні Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шеру ұйымдастырып, одан кейін орталық базар аумағына жиналып, заңсыз демонстрация өткізген болатын. Қарақалпақстанның егемендігіне қатысты баптар халықтың наразылығын тудырған.