Жарақат алған бүлдіршін ауруханада жатыр
Павлодар қаласында үш жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүлдіршін терезенің торына сүйеніп тұрып, сыртқа құлап кеткен.
Жарақат алған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
«Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, іш қуысының жарақаты диагнозы қойылды. Бала есін жиды, жағдайы орташа» - деп көрсетті облыстық денсаулық сақтау басқармасы.