ҚТЖ қазақстандық «Жібек жолы» кемесіне қатысты қосымша мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

ҚТЖ кемені жалға алушыдан мән-жайды жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрады

фото: ҚТЖ ҰҚ

«Қазақстан темір жолы» ҰК қазақстандық «Жібек жолы» кемесінің астық тасымалдағаны туралы ақпаратқа қосымша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кеше БАҚ Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарлады.

Бұл өтініштің нақтылығын Украинаның уәкілетті мемлекеттік органдары тексереді. Екі елдің елшілерімен белсенді консультациялар жүргізіліп жатыр.

«Бұрын хабарланғанындай, астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілген. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжаттарды (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады. ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін растайды», деп көрсетті "Қазақстан темір жолы" ҰҚ баспасөз қызметі.