$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайран су қоймасынан алынған сынамада ішек таяқшалары анықталды

Соған байланысты су қоймасы толықтай құрғатылады

Сайран су қоймасынан алынған сынамада ішек таяқшалары анықталды
фото: egemen.kz

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша Сайран су қоймасынан алынған су сынамаларының нәтижесінде лакто оң ішек таяқшалары нормасы деңгейінің артқаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Су қоймасына суды толық көлемде жіберу туралы шешім қабылданды. Сумен толық толтыру үшін 2-3 күн кетеді.

«Ластану көзін анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін аудан әкімдіктерінің, полиция бөлімінің, аудандық СЭБ бөлімдерінің, ТЖД мамандары мен экологтар арасынан жұмыс комиссиясы құрылды»,- деп көрсетті Алматы қаласы әкімдігі.

СЭБД мәліметтері бойынша, бұл кезеңде резервуар түбін биологиялық және химиялық тазалаудың қосымша арнайы әдістері қажет емес. Ластану көзі анықталып, арнайы комиссия жұмысы аяқталған соң Сайранға су толтырылады.

Серіктес жаңалықтары