Сонымен қатар «Каракалпакия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатылуы мүмкін
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысының уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды», - деп көрсетті ҚР ҰҚК.
Осы ақпарат бойынша «Қарақалпақия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.
Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарланады.