Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.