Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан

Azattyq Rýhy

Ер адам соттың шешімімен жеті тәулікке қамауға алынды

Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан
Фото ашық дереккөзден

Талдықорғанда деструктивті діни ағымның жақтаушысы мешітте имамды соққыға жыққан. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Маусым айының басында мешітте діни рәсім кезінде деструктивті ағымды жақтаушылар мен имам арасында жайсыз жағдай болған. Қақтығыс рәсім аяқталғаннан кейін мешіт аумағында жалғасты. Сөзге келіп қалған ерлердің бірі имамға жұдырық ала жүгіріп, дін қызметкерін соққыға жыққан»,- делінген хабарламада. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, полиция шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол 33 жастағы діни деструктивті ағымды ұстанушы болып шықты. ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша іс қозғалып (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) сотқа қарау үшін жолданды.

Ер адам соттың шешімімен жеті тәулікке қамауға алынды.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.