Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір адам ауруханада жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Жаңаөзен-Қызылсай автожолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ЛАДА» басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 1 ақпан күні болған. Жолда жеңіл автокөлік пен трактор соқтығысып, үш адам оқиға орнында көз жұмған.

«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің екі бригадасы барды. 1997 жылы туған бір адам бассүйек-мидың жабық жарақатымен Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді», - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.