Қазақстан кәсіпорындарында жұмысшы өлімі көбейіп барады – статистика

Azattyq Rýhy

2021 жылы ел кәсіпорындарында 2133 адам зардап шеккен

Қазақстан кәсіпорындарында жұмысшы өлімі көбейіп барады – статистика
Фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы Қазақстан кәсіпорындарда зардап шеккендер, оның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама көбейгені, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

FinProm порталы келтірген мәліметке сүйенсек, мәселен, 2021 жылы ел кәсіпорындарында 2133 адам зардап шеккен. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға көп.

«Жалпы көрсеткіштің жартысына жуығы үш облысқа тиесілі: Қарағанды ​​– 537, Шығыс Қазақстан облысы – 320 және Нұр-Сұлтан – 161 адам. Зардап шеккендердің басым бөлігі, яғни 572 адам өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істеген. Содан соң тау-кен өнеркәсібі (444 адам) және құрылыс индустриясы (199 адам) тұр», - дейді мамандар.

Сонымен қатар, 2021 жылы жұмыс барысындағы жазатайым оқиғалардан болған өлім көрсеткіші бірден 13,3%-ға төмендеп, 176 адамды құрады. Оның ішінде топ адамға қатысты болған қайғылы жайттардан 16 адам қайтыс болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 42,9%-ға аз.

Өңірлік тұрғыда қаза тапқандардың көпшілігі бірнеше жылдан бері тізімнің басында келе жатқан Қарағанды ​​облысының кәсіпорындарында жұмыс істеген – 32 адам.

Еске салайық, осы жылдың 10 маусымында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехтарының бірінде жөндеу жұмыстары кезінде шатыры опырылып, төрт адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ сәуір айының басында кәсіпорын шахталарының бірінде жұмысшы апат салдарынан қайтыс болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.