АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстан Президентімен кездесуі жоспарланған
1 ақпанда кешкі уақытта АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға іс-сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді», - делінген хабарламада.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жексенбі, 2 ақпанда Помпео республиканың сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар Майк Помпеоның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.
Айта кетейік, Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан мен Кипрге сапары 3-7 қаңтар аралығына жоспарланған.