Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен. Қалалық басқарманың жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 млн 80 мың теңгені құрайды. Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.