Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырмақ. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жиынына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.