Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сот отырысы өтті

Azattyq Rýhy

Күдіктіге қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сот отырысы өтті
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты сот отырысы өтті. Ол лауазымды қызметін асыра пайдалану бабы бойынша кінәлі деп тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әл-Фараби аудандық сот залында жоғары лауазымды полицей өзін бейнекамераға түсіруге тыйым салды. Күдіктіні кепілмен босату мәселесі қаралып еді, бірақ бұл ұсыныспен жәбірленуші тарап та, прокурор да келіспеді. Бұрынғы полицейге қатысты тергеу былтыр қол астындағы қызметкердің видеоүндеуінен кейін басталған. Жәбірленушінің айтуынша, оған қымбат ұялы телефон мен қол сағат, әуе билеттері мен үй жиһазын және бағалы күртеше сатып алып беруге заңсыз тапсырма берген. Қамауға алынған күдіктіге қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ.

 «Жаңа жыл жақындап қалды, сыйлық жасамайсың ба деп оған маркасы Aррle ХS және сағатын сатып алып беруге заңсыз тапсырма берген. Өз кезегінде Айымбетов өзі атқарып отырған лауазымына байланысты кедергілер тудыруы мүмкін деген қорқынышпен оның тапсырмасын орындауға мәжбүр болған», - дейді прокурор Мұзаффар Мүтәліпов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.