29.06.2022, 15:47
Жаңалықтар
Шымкентте жалған ақша мен психотроптық заттарды сату дерегі әшкереленді
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Шымкентте жалған ақша мен психотроптық заттарды сату дерегі бойынша іс сотқа жөнелтілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде номиналы 100 долларлық банкноттардан 9300 АҚШ доллары және психотроптық заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді», - делінген агенттік хабарламасында.
Ведомство өкілдері күдіктіге қатысты «қамауға алу түріндегі» бұлтартпау шарасы таңдалғанын айтты.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды