Бүгінде елімізде 19 млн 122 мың адам бар, оның ең көп пайызын қазақтар құрайды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжатта ел халқының этникалық құрамы жария етілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 19 миллион 122 мың адам бар, оның ішінде ең көп пайызын қазақтар (69,03%) құрайды.
«Елімізде сондай-ақ 18,47% орыстар, 3,29% өзбектер, 1,5% ұйғырлар, 1,3% украиндар, 1,06% татарлар, 0,92% немістер, 0,61% түріктер, 0,57% кәрістер, 0,61% әзірбайжандар, 0,40% дүнгендер, 0,27% тәжіктер, 0,26% белорустар, 0,25% күрдтер, 0,18% шешендер, 0,15% поляктар, 0,09% башқұрттар, 1,04% басқа ұлт өкілдері тұрады», - делінген хабарламада.
Жалпы алғанда, 2018-2020 жылдарға арналған халық санының статистикасы республика халқы санының тұрақты өсу үрдісін көрсетеді. Мәселен, соңғы 3 жылда Қазақстан халқының саны 2,6 пайызға өскен.
«Азаматтар жалпы ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдайды және мұндай қолдау деңгейі 85,9 пайызды құрайды», - делінген құжатта.
Құжат 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін қоғамдық талқылау үшін АШЫҚ НҚА порталында орналастырылған.