Жаңа ереже бойынша айырбастау пункттері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді
1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пункттері жаңа ереже бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жаңа ереже бойынша, 1 ақпаннан бастап айырбастау пункттері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың айтуынша, жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пункттері мен тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Әуежайлар, темір жол вокзалдары және мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде валюта айырбастау орындарының жұмыс режимі өзгермейді. Олар тәулік бойы ашық. Ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында - 9:00-ден 22:00-ге дейін істейді.