Шілде айында еліміздің екі өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Құрғақшылық болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады

Фото ашық дереккөзден

Қазгидромет шілде айында Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Статистикалық болжамға сәйкес, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауады. Алматы облысының Кербұлақ ауданында және Қонаев қаласында қоңыржай жаңбырлы жағдай болжанады. Шілде айындағы құрғақшылық болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады. Бүкіл болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz. қосымшасында жарияланады.