Атырауда жарты тоннадан астам балықты тастап қашқан браконеьерлерге іздеу жарияланды
Су маржанын аулаған 3 адамның кім екені әзірге белгісіз
Атырауда браконьерлер жарты тоннадан астам бекірені жағаға тастап, қашып кетті. Балық инспекторларының іздеріне түскенін көрген соң, сондай айлаға барған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қос моторлы Байда қайығының жылдамдығына ілесу қиын дейді мамандар. Дегенмен жүйрік қайыққа жеткенімен, әккі бракьонерлер Жайық жағасынан түсіп, ұстатпай кеткен. Қайықта 13 қапшық бағалы бекіре балық табылды. 535 келі су маржанын аулаған 3 адамның кім екені әзірге белгісіз. Су кемесінің де мемлекеттік нөмірі болмай шыққан. Қашқындарға іздеу жарияланды.
« Үш адам белгісіз бағытқа қашып кетті. Түнгі уақыт мезгілі болуына байланысты қашқан адамды ұстап табуға мүмкіндік болмады. Сол жерде 102 нөміріне соғылып, хабарлама берілді. Байда қайығын полиция қызметкерлерімен қарау кезінде бекіре тұқымбас балықтар табылды. Бекіре тұқымдас балықтарды тапсырған кезде жалпы салмағы 535 кг құрады», - деді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Темірхан Оңайбаев.