«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: gov.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңгені құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген комитет хабарламасында.

Белгілі болғандай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.

Алайда, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуда Қоғам 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған.