Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Түркістан облысы ТЖД-ның 19 қызметкері жұмылдырылды

 

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Олардың бәрі – Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері», - делінген ведомство хабарламасында.

Тақырыпқа орай: Бәрі туыс болған: Қапшағайда екі бала мен екі ересек адам суға батып кетті

-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 19 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника, сол сияқты Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.

Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.