Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;
- 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;
- 30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.