Солтүстік өңірлерде түнгі аяздар сақталады
5-7 қазан күндері республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 20 градустан жоғары болады деп мәлімдеді «Қазгидромет» синоптиктері.
«Республиканың басым аумағында антициклонның ықпалы алдағы үш тәулікте де сақталады. Сондықтан, демалыс күндері аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп күтілуде, күндіз термометр бағаны 15…23°С-қа дейін, оңтүстік облыстарында 18…27°С-қа дейін көтеріледі, бірақ солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяздар сақталады», - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.