Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы 1 шілдеден бастап қайта жанданады

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушылар ұшу алдында тиісті кепілдік хатқа қол қоюы керек

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуе қатынасын жандандырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚХР-дың Нұр-Сұлтандағы елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстан коронавирустың ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың ақпанында Қытаймен тұрақты жолаушылар авиатасымалын тоқтатты.

"Қытай мен Қазақстан арасындағы тиісті келісімге сәйкес, 1 шілдеде екі ел арасындағы тікелей коммерциялық рейстер қайта жанданды", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Қазақстаннан Қытайға баратын жолаушыларға бірқатар рәсімнен өту қажет екені түсіндірілген. Олар ұшу алдында оқшаулануға 10 күн жұмсауы керек, денсаулығын өз бетінше бақылап, тиісті кепілдік хатқа қол қоюы керек.