Осы уақытқа дейін 18 бала қайтыс болған
Әлем бойынша шығу тегі белгісіз гепатит ауруына шалдыққан балалар саны 900-ден асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінен белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның дерегінше, аталған дерт бүгінге дейін 33 елде анықталған. Жартысынан астамы кәрі құрлық мемлекеттері. Ал науқас деп танылғандардың үштен бірі американдық балалар екен.
Сарапшылардың сөзінше, гепатиттің осы түрімен ауыратын жеткіншектерде бауыр жеткіліксіздігі байқалады. Осы уақытқа дейін 18 бала қайтыс болған.