8 млн балаға аштықтан ажал қаупі төніп тұр – БҰҰ

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері 15 мемлекетте 260 мың адам зардап шекті

Фото ашық дереккөзден

Кедей елдерде тұратын 8 миллион балаға аштықтан ажал қаупі төніп тұр. Мұндай деректі БҰҰ жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері 15 мемлекетте азық-түлік тапшылығы мен денсаулығы сыр берген 260 мың адам зардап шекті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының атқарушы директоры Кэтрин Расселдің мәлімдеуінше, қуаңшылыққа азық-түлік тапшылығы дағдарысын шешу үшін 1 миллирад доллар керек.  Украинадағы жағдай мен байланысты азық-түлік бағасының аспандауы жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді.