Netflix 300 қызметкерін жұмыстан қысқартады
Компания бір ай бұрын ғана 150 адамды жұмыстан шығарған
Netflix абоненттерінің күрт азаюынан және соның салдарынан компания табысы мен акциясының төмендеуіне байланысты 300 қызметкерін жұмыстан босатады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының соңында стримингтік сервис 200 мың абонентінен айырылған. Екінші тоқсанда 2 млн адам олардың ұсынысынан бас тартуы мүмкін.
Компания басшылығы мұны бәсекелестіктің артуымен және қолданушылардың өз паролімен бөлісетінімен байланысты деп санайды. Ал сарапшылар оған абоненттік төлемнің қымбаттауы түрткі болды деп санайды.
Netflix фильмдер мен сериалдарды көрсеткені үшін ай сайын клиенттерінен 15,50 доллар алады. Компанияның басты бәсекелестері Amazon Prime Video, HBO Max және Disney Plus – те баға арзанырақ.