Белгісіз біреулер саябақта кәмелетке толмаған 2 баланы ұрып кеткен
Қостанай қаласының тұрғыны орталық саябақта белгісіз біреулер кәмелетке толмаған екі баланы жарақаттағанын айтып полицияға арызданған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy alau.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысы ІІД бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер іздестіріліп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір баланың ауруханаға түскенін растады.
«Баланың көптеген жарақаттары бар, миы шайқалған. Облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды», - деді ведомстводан.