Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жасарып, солтүстігі қартайып жатыр

Автор: Сағыныш Ибрагим

Биллетер индексі орташа республикалық көрсеткіштен едәуір асып түскен өңірлер бар

Фото ашық дереккөзден

Халықтың жас құрамын көрсететін биллетер индексі республика бойынша 11 жыл қатарынан оң көрсеткіште, (балалардың өсу үлесін көрсетеді) өсіп келе жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір елімізде халықтың жас аралығы бойынша ең «кәрі» өңір – Солтүстік Қазақстан облысы. Атап айтқанда, билеттер индексі 2020 жылы 100 адамға шаққанда 13-тен болса, өткен жылы 100 адамға шаққанда 14,3-ке дейін өскен.

Биллетер индексі орташа республикалық көрсеткіштен едәуір асып түскен өңірлер бар. Олар: Түркістан (100 адамға 48,5) және Маңғыстау (100 адамға 42,1) облыстары, Шымкент (100 адамға 37,5), сондай-ақ Атырау (100 адамға 34,2), Қызылорда (100 адамға 33,3) және Жамбыл (100 адамға 30,7) облыстары) облыстары.

Халықтың қартаюы елдің солтүстігінде едәуір байқалады: Солтүстік Қазақстан облысында (100 адамға – 27,7), Қостанай (100 адамға -22,2), Шығыс Қазақстан (100 адамға -14,5), Павлодар (100 адамға – 13,4), Ақмола (100 адамға – 12,3) және Қарағанды (100 адамға – 7,2) облыстары.

Индекс бұл аймақтарда 50 жастан асқан халық саны 14 жасқа дейінгі жас балалар санынан басым екенін көрсетеді.

Сонымен қатар репродуктивті жастағы әйелдердің (15-49 жас) туу коэффициенті 2021 жылы 1000 әйелге 98,07 құрады, бұл 2020 жылға қарағанда көп (1000 әйелге 93,94 болды).

Туудың ең жоғары коэффициенттері 25-тен 29 жасқа дейінгі әйелдер үшін – 1000 адамға 201,51,  20-24 жасқа дейінгі әйелдер үшін – 1000 әйелге 180,28 және 30-дан 34 жасқа дейінгі әйелдер үшін – 1000 әйелге 142,95 тіркелген.

Елімізде 2021 жылы өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасты құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 71,4 жас болған.

Гендерлік бөліністе өмір сүру ұзақтығы ерлер мен әйелдерде де қысқарған: ерлер – 2020 жылы 67,1 жас болса, 2021 жылы 66,3 жасқа дейін қысқарды. Ал әйелдерде – 2020 жылғы 75,5 жастан, 2021 жылы 74 жасқа дейін қысқарып отыр.