Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктердің хабарлауынша солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары, өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді.
«Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Солайша бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Ауа температурасының негізгі аясы күндіз келесідей күтіледі: батыста + 25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.