Жамбыл облысында толассыз жаңбырдың соңы селге ұласты

Автор: Azattyq Rýhy

Ауылдың жолдарын су басып қалды

2022 жылғы 23 маусымда  сағат 20.00-де Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Ырғайты өзенінің бойында сел тасқыны  болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде ауылдың жолдарын су басып қалды.

«Сол сияқты су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша мал шығыны бар. Жергілікті атқарушы органның комиссиясы келген залал мөлшерін анықтауда.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер 2 бірлік техника, жергілікті атқару органдарынан – 5 қызметкер және 2 бірлік техника аттанды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша сағат 23:25-те Қордай ауданы, Шарбақты ауылынан 4 шақырым жерде Ырғайты өзені нөсер жауын-шашынның салдарынан су  деңгейі көтеріліп кеткен. Оның жағасында 11 адам демалып жатқан болатын.

«Су көтерілуінің салдарынан 6 адам дөңес жерде көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ екпінді ағыс демалушылардың екінші көлігін шайып кеткен. 24 маусымда  сағат 01:15-те ТЖД құтқарушылары аралда қалған барлық адамдар құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.