Оның орнына Еуропада электрлі кроссовер шығарылмақ
Ford автоконцерні 2025 жылы Focus моделін шығаруды тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy autonews сайтына сілтеме жасап.
Ford автоконцерні Еуропада сұранысқа ие Focus көлігін шығаруды толығымен тоқтатуы мүмкін. Automotive News Europe басылымының мәліметінше, тамыз айының соңында конвейерден шығатын мұндай көлік түрі айтарлықтай азаяды, ал 2025 жылы толықтай тоқтатылады.
Бұған дейін аталған компания Еуропада 30 жылдан бері шығарылып келе жатқан Mondeo моделінің седан және универсал түрін шығаруды тоқтатқан болатын.
Алайда Focus Еуропада ғана емес, Қытайда да жасалады және америкалық компания бұл елдегі өндірісті жабуды жоспарлап отырған жоқ.