Көршілерінің айтуынша күдіктілер есіктің ашық тұрғанын байқап, үйге басып кірген
Ақтауда кішкентай баланың көзінше анасын сыммен қылқындырып, пәтерді тонап кеткен екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Ақтауда белгісіз екі адам ашық қалған есіктен пәтерге кіріп, әйел адамды сымның бір бөлігімен қылқындыруға тырысқан.
«Белгісіз екі адам көршімізді тонап кетті. Ол күйеуі жұмысқа кеткен кезде үйде кішкентай баламен жалғыз болған. Ашық қалған есіктен екі ер адам кіріп, оны сыммен қылқындырып, пәтерді тонаған. Құдайға шүкір өзі тірі қалды», - деді жәбірленушінің көршілері.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше 22 маусым күні сағат 15:25-те пәтер тоналғаны туралы хабарлама түскен. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.