Ол миллиардтаған қаржы ұрлады деп айыпталып отыр
Бизнесмен Ертаевтың қамау мерзімі желтоқсан айының ортасына дейін ұзартылды, - деп хабаралайды Azattyq Rýhy тілшісі Interfax ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «BANK RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаевтың қамау мерзімін тағы үш айға ұзартты.
Жомарт Ертаев "Bank RBK" АҚ-нан 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталуда. Ал, Ертаевтың өзі «акционерлердің құрамына да, Qazaq Banki басқару органдарына да ешқашан кірмегенін» мәлімдеген.
2018 жылдың наурыз айында Ертаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Оны 2018 жылдың мамыр айында Мәскеуде ұстап, 2019 жылдың наурыз айында Қазақстанға жеткізілді. Сот бұған дейін де оның қамауға алу мерзімін бірнеше мәрте ұзартқан.