$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кімнің оқ атқанын әлі күнге дейін білмейміз»: Алматы облысында полицейлерге арнап ескерткіш орнатылды

Ескерткіш Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай орнатылды

«Кімнің оқ атқанын әлі күнге дейін білмейміз»: Алматы облысында полицейлерге арнап ескерткіш орнатылды

Алматы облысында қызмет бабында қайтыс болған полицейлерге бүгін ескерткіш орнатылды. Мезгілсіз көз жұмған сақшылардың құрметіне арналған ескерткіш аса ауыр қылмыскерлер отырған түрменің ішінен ашылды. Заречный кентіндегі ЛА-155/12 мекемесінде 957 сотталушы жазасын өтеп жүр. Олардың басым бөлігі кісі өлтіріп сотталғандар. Ескерткіш Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызмет бабында жүріп қаза тапқан полиция қызметкерінің бірі – Талдықорған қаласы тергеу изоляторында қызмет атқарып келген Ербол Ержанов. Ол қаралы қаңтар оқиғасы кезінде белгісіз адамдардың қолынан қаза тапқан. Бірақ нақты кімнің оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз. Артында бір ұл, бір қызы қалған полиция қызметкері зейнетке шыққан күннің ертесіне қайтыс болған. Көзі тірі болғанда биыл тамыздың 30-ы күні 46 жасқа толар еді.

«Балам Талдықорған қаласындағы уақытша тергеу изоляторында істейтін. Шені прапорщик болды. 6 қаңтар күні зейнетке шығатын күні болатын. 4-і күні қызметкерлерді жұмылдыруға жұмыстан шақырып алды, содан 7 қаңтар қаза тапты. Оқиғаның қалай болғанын нақты білмеймін. Бір анығы балам сол жұмыс орнының дәл алдында көз жұмған. Кімнің оқ атқаны әлі күнге дейін білмейміз. Сол адамды бір көрсем арманым жоқ. Көргенде сөйлесіп аламын мен онымен. Артында екі перзенті қалды. Отбасына қайтыс болғаннан кейін жергілікті билік екі бөлмелі үй алып берді. Менің жер үйіме газ құбырын тартып берді. Ұлым үлкен үй соғып, бәріміздің бір шаңырақ астында өмір сүргенімізді армандап еді»,- деді Полиция қызметкері Ербол Ержановтың әкесі Төлеубек Іңкәрбаев.

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 30 жылдың ішінде 815 полиция қызметкері қызметте жүріп қаза тапқан, 4,5 мыңы түрлі жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары